Асқар Мамин ШҚО-дағы жолдарды тексерді

0
вко

Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр “Өскемен-Талдықорған”, “Қалбатау-Майқапшағай” және т. б. көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылу барысымен танысты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанның бірнеше облысына жұмыс сапарын бастағаның оның ресми сайтында хабарлады. Кеше ол Шығыс Қазақстан облысында болды.

Ұзындығы 768 км (Шығыс Қазақстан облысының аумағы бойынша-454 км., Алматы облысының аумағы бойынша – 314 км.) “Өскемен-Талдықорған” автожолы құрылысының жобасы бойынша Үкімет басшысына негізгі жұмыстардың аяқталуы және жыл соңына дейін автомобиль қозғалысының ашылатыны туралы айтылды.

Ұзындығы 415 км. “Қалбатау–Майқапшағай” трассасын реконструкциялау жобасы бойынша 127 км. қозғалыс ашылды, жұмыстарды толық аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

Өскеменде Үкімет басшысына халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту аяқталғаны туралы айтылды – ҰҚЖ ұзындығы 2800 м-ге дейін, ені 60 м-ге дейін ұзартылды. Асфальтбетон жабынына толық ауыстыру жүргізілді, жарық-сигналдық жабдықтың жаңа жүйесі орнатылды. 30 тонналық жүк терминалының және 100 тонналық жүктерді уақытша сақтау қоймасының құрылысын аяқтау да жоспарланған.

2021 жылы Қазақстанда құрылыс және реконструкциялау 8,4 мың км. автожолды қамтыды, оның ішінде Республикалық маңызы бар 5 мың км., жергілікті желі 3,4 мың км. құрады. Жол-құрылыс жұмыстарына 200 мыңға жуық адам тартылған. Ағымдағы жылы еліміздің 5,1 мың км. жолдарындағы жұмыстар аяқталатын болады. Қалған жұмыс ауыспалы болып табылады және ол 2022 жылы орындалады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *