Әйел адам үш баласымен бірге терезеден секіріп кетті

0
972991

Қайғылы оқиға Алматыда орын алды. 2015, 2016 және 2019 жылы туған балалар анасымен бірге қайтыс болды.

Алматының “Жетісу-1” ықшам ауданындағы көп пәтерлі үйлердің бірінде 28 жастағы әйел 9 қабаттағы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды қалалық ПД. Сонымен қатар, ол 2015, 2016 және 2019 жылы туған балаларын өзімен бірге алып кетті.

Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. 

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын тергеу мақсатында Алматы қаласы ПД тергеу-жедел тобын құрды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді – өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *