ҚАЛАСЕМЕЙ

Абайдың алғашқы жинағы қалпына келтіруден өтті

Қолжазбаның ұлттық орталығы қалпына келтірілген кітапты Абай музейінің басшылығына тапсырды. Тараптар алдағы уақытта олардың шығармашылық байланыстары тек нығая түседі деп үміттенеді.

1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген Абай шығармаларының жинағы елорданың Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығында қалпына келтірілді. Бұл жайында Абай атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың  Facebook-тегі ресми парақшасында айтылды.

Абай мұражайына барған кезде орталық мамандары бұл кітапты қалпына келтіру үшін арнайы алып кеткен. Бұл жұмысты орталық мамандары жоғары деңгейде орындады. Өткен аптада Нұр-Сұлтанда орталық Абайдың алғашқы жинағын директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева мен Қордың бас сақтаушысы Меруерт Абламбаеваға салтанатты түрде табыс етті.

– Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының мамандарына үлкен алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта екі мекеме арасындағы шығармашылық байланыс нығая түседі деп үміттенеміз, – деп атап өтті мұражайда.

Пікір қалдыру