Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы айтты. Оның айтуынша, вакцинациямен қамту тиісті контингенттің 70% – дан астамын құрады.

Бүгін Қазақстан үкіметінің отырысы өтті, онда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин жеңілдетілетінін айтты.

– Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмыстары жалғасуда. 25 тамыз бен 18 қазан аралығында барлық өңірлерде 103 нысан немесе 30 881 инфекциялық төсек жабылды. Вакцинация жоспары қайта қаралды. Бүгінгі таңда бірінші компонентті 8 миллионнан астам адам алды. Екіншісі – 7 миллионнан астам, – деді Алексей Цой.

Осыған байланысты 20 қазаннан бастап рұқсат етіледі:

-келушілер  COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен  COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар құжатты ұсынған кезде медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) пациенттеріне баруға;

– түнгі клубтардың қызметі тек “жасыл” мәртебесі бар тұлғаларға арналған, олардың толымдылығы 50 пайызға дейін:
“жасыл” аймақта 100 адамнан артық емес;
“сары” аймақта 70 адамнан артық емес;
“қызыл” аймақта 50 адамнан артық емес.

– Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақытын ұзарту:
“жасыл “аймақта – 03:00 – ге дейін, “Ashyq жобасының көшбасшылары үшін” – 05:00-ге дейін;
“сары” аймақта – 01:00-ге дейін, “Ashyq жобасының көшбасшылары үшін” – 03:00-ге дейін.

Ералы Тоғжанов, өз кезегінде, еліміздің кейбір өңірлерінде вакцинация жоспары орындалмайтынын атап өтті.

Өңірлердің әкімдеріне Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін ескере отырып, вакцинациялауды ұйымдастыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырған дұрыс деп есептейміз. Вакцинация Жоспарын орындамағаны үшін әкімдік басшылығының жеке жауапкершілігін атап өту керек, – деді Ералы Тоғжанов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *