Семейдің жерасты өтпе жолдары жөнделе бастады

0

Қаланың сегіз жер асты өтпе жолының төртеуінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы өтпе жолдарды жөндеуге 16 млн. теңге бөлінген. 

Семей қ. Ақпарат орталығының хабарлауынша олар: Қабанбай батыр, Достоевский, Қ.Мұхамедханов және Өскемен көшелеріндегі өткелдер. Жұмыстардың аяқталуы айдың аяғына дейін жоспарланған. Жалпы алғанда жер асты өтпе жолдарын жөндеуге 16 млн. теңге бөлінген. 

 – Жөндеу Әуезов даңғылы және Народный көшесіндегі жер асты өтпелдерінде жүргізілді. Мұнда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді, плиткалар төселді. Жаңа мемлекеттік сатып алу байқауларында Достоевский және Қабанбай батыр көшелеріндегі жер асты өткелдерін жөндеу бойынша жеңімпаз анықталды. Мердігер жұмыстарды мемлекеттік сатып алулардың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес орындайды: әрлеу, лак-бояу жұмыстарын орындайды, пандустарды ауыстырумен айналысады. Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, күмбезді құрылыстар орнатылуда, олар еріген қар немесе жаңбыр суының өтуіне мүмкіндік бермейді, – деді Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жасар Түсіпов.

Ағымдағы жылы Қайым Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткелі де жөнделді. Алайда, бөлімде атап өткендей, жүргізілген жұмыс бойынша мердігерлер қазіргі уақытта жоятын кейбір ескертулер бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *