ШҚО-да шұңқырға түсіп кеткен сиырды құтқарды

0

Уақытында келген құтқарушылар сиырды алып шығу операциясын жүргізді.

Қатон-Қарағай ауданының 27-ӨСБ қызметкерлері Қатон кентінде шұңқырға құлаған сиырды алып шықты. Жануар үш метр тереңдікте әлі қатпаған ерітіндісі бар бетон шұңқырында болған, деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

Құтқару арқанының көмегімен сиырды жер бетіне зақым келтірместен көтеріп шығарды, құлаған кезде ол зардап шеккен жоқ, құтқару операциясы жарты сағат уақытты алды.

Бұл жануарларды құтқарудың алғашқы жағдайы емес. Жыл басынан бері ШҚО-да 111 рет жануарларға көмек көрсетілді. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *