ШҚО-да жыл басынан бері 200-ден астам азаматтығы жоқ адам анықталды

0

Солардың бірі бұрын-соңды құжаттары болмаған Үржар ауданының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

Азаматтығы жоқ тұлға – бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес ешбір мемлекеттің азаматы болып танылмайтын адам. Бұл азаматтығы жоқ адамның әлемнің бірде-бір елінің азаматы емес екенін білдіреді. ШҚО полиция департаментінде осындай тұрғындардың бірі туралы айтылды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Бекбаев ШҚО аумағында жыл басынан бері қанша адам анықталғанын айтып берді.

 – 2021 жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында құжаттары жоқ 231 адам анықталды, қазіргі уақытта олардың 225-і өздерінің мәртебесін анықтады, – деп атап өтті Ербол Бекпаев

Люди из этой категории особенно уязвимы в вопросах, касающихся услуг, которые государство предоставляет своим гражданам. Мұндай адамдардың денсаулық сақтауға, білім алуға, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ әртүрлі азаматтық хал актілерін жасасуға қатысты қиындықтар бар. Осы проблеманы шешу үшін Шығыс Қазақстан облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағындағы олардың мәртебесін реттеуге барынша құқықтық көмек көрсетеді.

 – Мысалы, ағымдағы жылдың тамыз айында Үржар ауданының 36 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды. Ол Үржар аудандық полиция бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу үшін жүгінді, өйткені оның туу туралы куәлігі де болмаған. Көші-қон қызметінің қызметкерлері оған туу туралы куәлік алуға көмек көрсетті, Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын анықтады. Қазіргі уақытта әйел толыққанды азамат болып, мемлекеттік қызмет ала алады, ресми түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар, – деп толықтырды Ербол Бекпаев.

ШҚО полиция департаменті облыстың жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ барлық тұрғындарынан аумақтық көші-қон қызметі органдарына жүгінуді сұрайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *