Көкентау ауылында жтналған шөп өртенді.
08 қыркүйекте құтқару қызметіне Көкентау ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер шақыру орнына келген сәтте жалын көрші 2 үйдің жиналған шөпіне ауысты, өрттің жалпы ауданы 110 шаршы метрді құрады.
Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарының авариялық режимі.
Үй тұрғындарының айтуынша, қатты жел кезінде электр желісінің бағанынан сым үзіліп, бұл өртке әкелді.
Пікір қалдыру